Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  104


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Судан безген құландай...

Судан безген құландай,
Дала кезген бұландай,
Тұяғы жоқ тұлпардай,
Қанаты жоқ қырандай
ИжтиҺадқа көне алмай,
Шариғатқа ере алмай,
Мағрипатқа бара аламай,
Тариқатқа келе алмай,
Хақиқатқа сене алмай,
Ғибадатты жасамай,
Басы қатып жүрген көп,
Жәрдем берші, ой,Алла-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу