Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2022
123

Ай, күннің жарығы...
Ай, күннің жарығы,
Ағаштың тамыры,
Адамның қадірі,
Пенденің сабыры,
Жарлығын жүргізген –
Алланың әмірі.
Жердің де дүбірі,
Көктің де гүрілі,
Жүректің дірілі,
Құрттың да қыбыры,
Алланың бұйрығы –
Жаратқан ең ұлы.
Дауыл мен желің де,
Жауын мен селің де,
Құлпырған көгің де,
Жайқалған егін де –
Алланың еркінде,
Рабыңның деміңде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇