Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  77


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Білмейміз дейміз жалғанда

Білмейміз дейміз жалғанда
Анасыз туған баланы,
Көрмедік дейміз жалғанда
Атасыз туған баланы,
Білеміз, бірақ, тарихтан,
Шешесіз туған Адамды,
Әкесіз туған Хауаны.
Анасы болып тұрса да,
Әкесіз туған Исаны,
Қырық жыл қаңғып жүрсе де,
Артына ұрпақ қалдырған
Есіне алғын Мұсаны,
Сүйікті жары болса да,
Көп әйел тумай құсалы.
Қолынан бәрі келетін,
Тілесең, перзент беретін
Алланың бұл да мысалы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу