Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  128


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Байлық мұрат па...

Байлық мұрат па,
Жоқтық ұят па,
Неге өгейсің?!
Болса иман аз,
Ішкен, жиған мәз,
Кімге не дейсің?!
Әр күн қалаулы
Жастық жалаулы –
Дәурен кезеңі.
Жаңа тарихым,
Дана дәстүрім –
Өмір өзегі.
Шығып майданнан,
Көңіл жайланған,
Көпке ой тастар
Берік байламдар,
Сыртқы толғамдар,
Ішкі ұйқастар.
Арым – тұғырым,
Жаным – жылуым,
Тілім – тірегім.
Жырым – жарығым,
Ділім – дабылым,
Дінім – діңгегім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу