Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  95


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Астар мен тыс ауысып жатқан кезде...

Астар мен тыс ауысып жатқан кезде,
Жүн-жыбырды пұл қылып сатқан кезде,
Таба алмайсың жаныңды қоятын жер,
Жәдігөйдің қылығы батқан кезде.
Мейманасы зұлымның тасқан кезде,
Шындығың да шыңғырып қашқан кезде,
Тұру қиын сілкініп жатқан жерден,
Тұла бойды албасты басқан кезде.
Арзан менен қымбатың бір болғанда,
Жақсыларды иектер жын болғанда,
Болып жүрсе тұрғындар күнде арманда,
Қалай ғана сенесің бұл жалғанға?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу