Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  145


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Сойған малдай бездері алынбаған...

Сойған малдай бездері алынбаған,
Кей адамның жағдайы мәлім маған.
Қолға түскен тамақты қуырдақ қып,
Өкпені де бауыр деп қабылдаған.
Адамдай-ақ барлығын жаңа көрген,
Не берсе де талғамай ала берген.
Тазалыққа мән беріп жатпаса да,
Олар-дағы жар сүйген, бала көрген.
Кейбіреуге болғанмен қоқсық пайда,
Лас жерден, алайда, нас шықпай ма,
Борсып жатқан шалшықта лайлы су
Барар дейміз атылып, шапшып қайда.
Дәрет сенің үйіңді күзетеді,
Көңіліңді шаң басса, түзетеді,
Дәреті бар адамнан шайтан қашар,
Таза болып жүргенге не жетеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу