Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  115


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Айтқан сөзің өте ме ақымаққа...

Айтқан сөзің өте ме ақымаққа,
Күймеймін деп барады жақын отқа.
Аман-есен жаратқан бір Құдайым
Тұр ғой сені сынап та, бақылап та,
Ойландың ба, қалайша егін болды
Жалғыз түйір түскен дән топыраққа?
Жусаң кетпес күнә ма бір шақтағы,
Маңдайыңнан неге тер бұршақтады,
Жаза бастың, жаңылдың, қаталастың,
Көп қауіптен тірлікте кім сақтады?
Ойландың ба, қалайша адам болдың,
Жалғыз тамшы қан едің құрсақтағы.
Бұлтты жиып, қайтадан айыратын,
Жайған қойдай иіріп, қайыратын,
Жүндей түтіп тауларды қияметте,
Кімнің қайда барарын бұйыратын,
Сәжде жасап, бас иіп, мінәжат қып,
Есіне алғын Алланың сүйіп атын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу