Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  108


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Болғандар бар қиындықтан зәрезап...

Болғандар бар қиындықтан зәрезап,
Тартқандар бар бұл фәниде кіл азап.
Тәубаға кеп, болған іске шүкір қып,
Жаратқанға жасап жатыр мінәжат.
Өкінішің өзекке енсе сыналап,
Өткен күнді керегі не кінәлап?!
Мына тірлік жарылқаған қауымды
Күйініш пен сүйініштен құралат.
Туысың да болып жатса жүре жат,
Басқа түскен тауқіметтен кім азат?!
Қысылғанға қамқор болған мұсылман
Жаратқанға жасап жатыр мінәжат.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу