Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  91


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ораза айы. Ауыз берік тағы да...

Ораза айы. Ауыз берік тағы да,
Қалай айтам батқан жайды жаныма.
Ойладым ба орта жолда қалам деп,
Жабысқанда жүйрік аттың жалына?!
Алдамшыны алдамшы деп айтпасам,
Жалғаншыны жалғаншы деп айтпасам,
Жауын жаумай, қурап кеткен орманды
Жайпап жатқан басылады өрт қашан?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу