Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  119


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Кісі қайтса елемейтін кез емес...

Кісі қайтса елемейтін кез емес,
Құран оқу мал табудың көзі емес.
Айтылған сөз қара бастың қамы үшін,
Молда айтса да, шариғаттың сөзі емес.
Күмбез салған әруақтарды қадірлеп,
Өз ісіне уақытша семірмек.
Жермен-жексен болып жатқан бабасы
Басқаларды алмайды ма жәбірлеп?!
Тірі адамдар не іздейді моладан,
Айыға ма тағдыр салған жарадан?
Өлгендерге қажеті жоқ түктің де,
Жалғыз ғана дәме қылар дұғадан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу