Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  109


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Тірі адамға көп нәрселер жетпейді...

Тірі адамға көп нәрселер жетпейді,
Өліге де жетпейтін зат көп дейді,
Көр үстіне орнатса да көк күмбез,
Көрдің іші жарық болып кетпейді.
Жатқан жерде бой көтерсе кесене,
Одан ердің атақ-даңқы өсе ме?!
Өзгере ме қалыбынан бастапқы
Маңдайыңа жазылатын пешене.
Құл-құтанның арасында күн көрген,
Сайран салып, думандатып үлгерген.
«Өлдің, Мамай, қор болдың!» – деп хан айтса,
Қарашының не дейтінін кім білген?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу