Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  161


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Сақина тілеп алса сау басына...

Сақина тілеп алса сау басына,
Батады жұмсақ төсек жамбасына.
Адал жеп, өсек айтпай, таза жүрсе,
Түседі қалыпты өмір арнасына.
Нәжісі ішіндегі сыртқа шықса,
Ауыздан сасық нәрсе бар ма, сірә?
Көлемі кетеді екен кішірейіп,
Шаққанда жақсылықты жан басына.
Өзіңе өзің қарап қойған дұрыс,
Көргенде мін таққанша жолдасыңа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу