Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2022
91
Тас төбемде тұрған шақта күн күлген...
Тас төбемде тұрған шақта күн күлген,
Қуанып та, мұңайып та үлгергем.
Көрер көзге жиіркенішті соншалық
Күштілерге жалбақтаумен күн көрген.
Қасарысқан қас дұшпанның алдында
Тілім тартпай тұрдым мен,
Патшалардың бетін шайған суына
Аяғымды жудым мен.
Талай пәле, қуғын менен сүргіннен
Алла жар боп, аман қалып жүрдім мен,
Жаратушы бір Аллаға тек қана
Құлақ кесті құлмын мен!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter