Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  99


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қайсысы оң ісіңнің, қайсы теріс...

Қайсысы оң ісіңнің, қайсы теріс,
Түсінбейсің тірлікте бәрін тегіс.
Төңірегін телегей су қылмай ма,
Еріп кетсе жүректен кішкене мұз.
Мезгілінде жемесе пайдасы жоқ,
Іріп-шіріп кетпей ме піскен жеміс?
Ібіліске бой берме айласы көп,
Ізгілікке арналсын істелген іс.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу