Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2022
120
Жапырақтар тербелгенде самалдан...
Жапырақтар тербелгенде самалдан,
Бұтақтарым тамырлардан нәр алған.
Өсімдіктей жауын суын ішетін
Мен адаммын топырақтан жаралған.
Сен шайтансың өзегінде тұрған от,
Тілдің өзі күйдіретін қызыл шоқ.
Ағыл-тегіл суға, бірақ, жолықсаң,
Өшпейтұғын, сөнбейтұғын шамаң жоқ.
Көп қорқытып, үрейді алып келді дер,
От пен судың мықтылығын ел білер.
Ақырзаман болғанда да топан су
Жердің жүзін басқан өртті сөндірер.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter