Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  97


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Алла, сенің өзгермейді қалыбың...

Алла, сенің өзгермейді қалыбың,
Төккен нұрың, бізге берген жарығың,
Бейнет көрсем – жақсылықтың өтеуі,
Саған ғана беріп келген салығым.
Өткен сайын өмірдің әр бекетін,
Ұмытылмас көрген қызық жететін.
Айтқан сөзім көрген көздің әсерін
Саған ғана төлеп келген зекетім.
Дүния қамын көп ойласа кір сезім,
Фәни менен Бақи деген қол созым,
Құлағына жетсе болды пенденің
Жиған малым, өскен талым – сол сөзім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу