Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2022
124

Ата-бабам сыйынған Тәңіріне...
Ата-бабам сыйынған Тәңіріне,
Бағыт берген сол сенім өміріне.
Құран сөзі нұр құйып көңіліме,
Мен сенемін Алланың әміріне.
Жаңа туған сәби де алғашқыда
«Іңгә!» десе, дегейсің: «Хал жақсы ма?»
Бісімілланы айт ол көзін ашқан кезде,
Алла десең – сол бөгет албастыға.
Нышанына көрсеткен сенесің бе?
Мұсылман боп туғанды жебесін де.
Құйрығынан періште ұрған кезде
Ізі қалған көгерген денесінде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇