Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  120


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Бірі шығып, бірі батып, күн мен түн

Бірі шығып, бірі батып, күн мен түн
Итжығыс боп жағаласып келеді.
Адамзаттың тауыспайтын үмітін,
Ол Алланың құдіреті – себебі.
Тіршілікте нәсіл, ұлтын таңдамай,
Жер де, көк те ырыздығын береді.
Бірдей емес туған ай мен толған ай,
Ол Алланың құдіреті – себебі.
Жер бетінде момын менен жауызға
Ай да, күн де нұрын бірдей төгеді.
Бар әлемді сиғыза алар қауызға,
Ол Алланың құдіреті – себебі.
Кейде сені құшаққа алса қуаныш,
Кейде тосын қайғы бұлты төнеді.
Екеуі де бір біріне жұбаныш,
Ол Алланың құдіреті – себебі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу