Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  86


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жүректе жоқ нәрсені сөзбен айтып...

Жүректе жоқ нәрсені сөзбен айтып,
Жүргендерді саламыз тезге қайтіп?
Нұры кірмей иманның кеудесіне,
Шыға келер өзгеріп өзгені айтып.
Миында жоқ нәрсені жаттап алып,
Көлгірсіген жігітті ақтамалық,
Әсіре қызыл тез оңар, сыртын бояп,
Жанын аяп жүргеннен сақтаналық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу