Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  94


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Адамды дәм таусылмай өлер деме...

Адамды дәм таусылмай өлер деме,
Қазылған көр болса да кірер деме.
Зырылдап бұл дүнияда жүрсе-дағы,
Қай жақтан Әзірейіл келер деме.
Мүмкін, ол – жолға шыққан сапарыңда,
Мүмкін, ол – ұйықтап жатқан жатағыңда,
Мүмкін, ол – балықтың бір қылқанында,
Мүмкін, ол – қарбыздың бір шопағында.
Мүмкін тас, мүмкін судан, мүмкін оттан,
Өлімің келсе қайттің бір апаттан.
Кетерсің, мүмкін, ажал құшағына
Бір күндік, бір-ақ сәттік рахаттан.
Мүмкін, ол – көзді арбаған дүкеніңде,
Мүмкін, ол – қызыл гүлдің тікенінде.
Ажалға тура келген бар ма шара,
Кісінің ақтық демі бітерінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу