Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2022
126
Жасы жетіп, қартайып, алжыған жан
«Жасы жетіп, қартайып, алжыған жан
Арылады, – дейді жұрт, – бар күнәдан».
Ол да жауап бермей ме қияметте,
Қия бетте кете ме қарғып одан?!
Тіршіліктің ішсе де бал-бұлағын,
Көрдім талай кісінің алжығанын.
Алжымаудың амалы – құлшылық , –деп,
Қайта-қайта айтудан қалжырадым.
Өткен өмір бітпейтін қасіреттей,
Көп кісі жүр көзінің жасы кеппей.
Босай алмай тірліктің құрсауынан,
Алжығаннан сақтасын жасы жетпей.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter