Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2022
107
Көңілің тағы неге алып-ұшты?
Көңілің тағы неге алып-ұшты?
Жоғалтпа Хаққа деген сағынышты.
Адам да, жын-шайтан мен періште де
Барлығы Жаратқанға жалынышты.
Сенімнің қай жерде де бағы күшті,
Әзәзіл бөгей алмас қабыл істі.
Адам да, жын-шайтан мен періште де
Барлығы Жаратқанға бағынышты
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter