Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  116


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Шеберлерден көреді ағаш қорлық...

Шеберлерден көреді ағаш қорлық,
ЖиҺаз болып түскенше жарасымға,
Ұсталардан көреді темір зорлық,
Балғалар мен төстердің арасында.
Тастар қорлық көреді қалаушыдан,
Ғимаратты әдемі қалап бітпей,
Сандар зорлық көреді санаушыдан,
Кірісі мен шығысын санап бітпей.
Қазан қорлық көреді жанған оттан,
Ішіндегі тамағы әбден піспей,
Адам зорлық көреді жалған соттан,
Әділдіктің тізгіні қолға түспей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу