Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2022
132
Нәрестеге шыға сала құндақтан...
Нәрестеге шыға сала құндақтан,
Жақсы менен жаман сөзді тыңдатқан
Кейде асып, кейде жетпей жатады
Өлшеп қойған бір мысқал мен бір батпан.
Ақ қой десе қара бетті ұн жаққан,
Арзанды да биік қойса қымбаттан,
Жалғыз тамшы у секілді астағы,
Бір мысқалдың ауырлығы – бір батпан.
Бой жазылса кездерінен құрысқан,
Қараңғыда қамалса егер мың мыстан,
Періштелер көтергендей жүгіңді,
Бір батпанның жеңілдігі – бір мысқал.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter