Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2022
106
Жаралғалы жерде топырақ, көкте күн...
Жаралғалы жерде топырақ, көкте күн,
Өтеді екен адам өмір мектебін.
Өніп шықтым, тамыр жайдым, көктедім,
Өттім қиын бөгеті мен өткелін.
Қар түскендей ызғарлы боп көктемім,
Айтқанына көндім кейде өкпенің.
Болды жолда текке шашып-төккенім,
Елемедім дұшпандардың сөккенін.
Ғашықтың да жұтып көрдім от-демін,
Болды,болды...
Болған жоқ қой деп пе едің?!
Азды қойып, тағып жүрдім көпке мін,
Ақымаққа ақыл айттым теп-тегін.
Көппен бірге дайын жолдан өтпедім,
Қыңырайып, жол жоқ жерге беттедім.
Сол мінезім тәннен кетпей тұра ма
Сүйегімнен бөлінгенше еттерім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter