Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  128


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Адам ата, ИбраҺим, Мұса, Иса – мұсылман...

Адам ата, ИбраҺим, Мұса, Иса – мұсылман,
Олар сабыр сақтаған кездерінде қысылған.
Ғаршы-күрсі мекенді көріп келген Мұхамбет
Бір Аллаға сыйынып, өмір сүріп, ысылған.
Бәрі тегіс мұсылман нәрестенің жаралған,
Көп қой, бірақ, ата-ана сенімдері жоғалған.
Көрсете алмай кісілік, теріс жолға түсіріп,
Жалған дінді қабылдап, имандары тоналған.
Пәле шықса жолынан – қашқан екен машайық,
Өзге дінді түп-түгел жалған десем несі айып?!
Мұхамбеттің үмбеті көрер сый мен құрметін,
Жақсылықты, ендеше, келер күннен тосайық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу