Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2022
130
Жүректегі нала-мұңды көрсеткісі келмесе де ер кісі...
Жүректегі нала-мұңды көрсеткісі келмесе де ер кісі,
Самайдағы ақ, беттегі әжім сол қайғының белгісі.
Әзіл сөздер сиреп кетсе – үлкендіктің тұсауы,
Шаш азайып, көз суланса – кәріліктің нышаны.
Жол бойында төгіп-шашқан бар нәрсені малданған,
Түсетіні анық, бірақ, Бақи деген вокзалдан.
Бұл вокзалда жүк те, түк те керек емес пендеге,
Әшекей де керек емес көрсететін көрмеде.
Сескенсең де күнәң үшін қояды деп жазалап,
Бұл араға келу керек жүрегіңді тазалап
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter