Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2022
97
МәшҺүр Жүсіп
Тақсырлар көп,
МәшҺүрлер аз қазақта,
Безгендер көп, төзгендер аз азапқа,
Салыстырса сегіз пейіш – жұмақпен,
Баратұғын жан аз дейді тозаққа.
МәшҺүр болу – болған жерде аз бірлік,
Еліме ұйтқы болсам деген мәжбүрлік.
МәшҺүр болу – қалған жерде селдір жұрт,
Шалқар көлдей тұнып жатқан мөлдірлік.
Досың түгіл, қарсы алдыңда қас тұрсын,
Барлығыңа сөзің өткен МәшҺүрсің.
Қанша шапса шалдықпаған шайырсың,
Ескі күннен аман жеткен дәстүрсің.
МәшҺүр Жүсіп!
Кішік болсаң – ұлы ісің,
Жаратқанның сеніп өткен құлысың,
Көз жұмсаң да, көп тіріден ірісің,
Ұрпағыңа жетіп жатыр тынысың,
Еңбегіңе баға алатын МаҺшарда
Өйткені, сен мәшҺүрлердің бірісің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter