Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2022
100

Өмір
Қабырғаға ілінген секілді өмір тұс кілем,
Күйе жесе, алайда, жүре алмайсың үстімен.
Аяғыңа төселген секілді өмір текемет,
Қыл-қыбыр мен жүн-жыбыр бетінде оның өте көп.
Өмір әлде көрпе ме жаурағанда жамылған,
Әлде асыл бұйым ба қыз-келіншек тағынған?!
Өмір кейде ағын су, тас бұлақтай сарқырап,
Жағасында кейбіреу отырады қалтырап.
Өмір кейде – қос қанат, алып ұшар биікке,
Өмір – алып қашқан ат, ұшыратар күйікке.
Не де болса, әйтеуір, жетегімен көңілдің,
Ащы менен тұщысын татып келем өмірдің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter