Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2022
76
Мұсылманмын
Аяқ жүрсе, жұмысқа да қол шебер,
Құлақ естіп, көзім бәрін көреді.
Тіс жармаймын, келер зиян болса егер,
Мұсылманмын – себебі.
Кейде тәнге жалған кірі жайылып,
Қара албасты маған келіп төнеді.
Дастарханға отырамын шайынып,
Мұсылманмын – себебі.
Шайтан кесіп кетпесе егер жолымды,
Тілімнен де, қолымнан да келеді.
Тілді тежеп, қусырамын қолымды,
Мұсылманмын – себебі.
Жан-сарайым аяқ асты бүлініп,
Ауыр ойлар түнгі ұйқымды бөледі.
Тәуба қылам жайнамазға жығылып,
Мұсылманмын – себебі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter