Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2022
176
Жиырма бес пайғамбар
Алланың тұңғыш елшісі –
Есімі Адам, ер кісі.
Алланың соңғы елшісі –
Көргенде ғажап дер кісі,
Ғалайсалам Мұхамбет,
Ізгілік – оның белгісі.
Жүз жиырма төрт мың пайғамбар
Әрдайым жүрген өрге ісі,
Солардың жүрген ішінде,
Жұмсаған қуат, күшін де
Үш жүз он үш елшісі.
Құранда аты аталған
Жиырма бес пайғамбар –
Адам, Нұх, Һұд, Лұт,
Зүлкәфіл, Салық, ИбраҺим,
Әйіп, Ысмайыл, Ысқақ –
Дұғасы қабыл болғандар,
Жүніс, Ыдырыс, Жақып,
Жүсіп, Ілияс, Әлисағ –
Момынға пана, қорғандар.
Дәуіт, Сүлеймен, Мұса, Һарұн,
Шұғайып, Зәкария, Жақия –
Намысын биік қойғандар,
Иса және Мұхамбет –
Қанатын кеңге жайғандар.
Іргесі берік мұсылман,
Кезде де қатты қысылған
Пайғамбарлар көрсеткен
Әділдік жолдан таймаңдар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter