Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2022
110
Мен осы қандай кісімін?!
Қазақтың киіп ішігін,
Келіспей жатқан ісі мың,
Керіспен өткен көп күнім,
Мен осы қандай кісімін?!
Әріден тартсам, ей, жаным,
Абылай ханның түсімін,
Кенеден қалған найзаның
Сынып бір түскен ұшымын.
Астары болсам кей сәтте,
Көрпенің кейде тысымын,
Жаз болса, саумал самалмын,
Қыс болса, суық сұсымын.
Күні ертең төбет болатын
Қыңсылап жатыр күшігім,
От болып лаулап жанатын
Адамның қатал мысымын.
Мақсаты ірі жан болса,
Үлкен де болсам, кішімін,
Арманға арман жалғанса,
Ұшқаны көңіл құсының,
Сырт жағы бүтін, іші мұң,
Періште де емес пішінім,
Пері деп ешкім айта алмас,
Мен өзім сондай кісімін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter