Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  130


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Төрт періште

Алла сөзін пайғамбарға жеткізген,
Әмірлерін бұлжытпастан өткізген –
Жебірейіл періште.
Табиғаттың үйлестірген міндетін,
Нығайтатын түрлі жанның құрметін,
Ол – Мекайыл періште.
Хақ бұйрыққа бағындырып қауымды,
Қияметте әкелетін дауылды –
Исрафил періште.
Күні бітіп, келген кезде енді өлім,
Жалынса да жанын алар пенденің –
Әзірейіл періште.
Төртеу түгел болса
Сабыр –
Алланың сүйген құлына,
Қадір –
Қазақтың қайсар ұлына,
Сенім –
Даланың көркем қызына,
Тағылым –
Жүректен шыққан жырыма.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу