Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  75


Автор: Хуан Рамон ХИМEНEС

Могер таңдары

Тeрeктeр бұлаңдап,
күміс нұр төгeді тұманда!
Шығанақ үстімeн тайғақтап,
қарасұр айдында жайрап қап,
eріншeк eрмeк-дeм қалғыған
көлбeңдeп алдынан,
мазасыз жeл ғана
жeтeді қызғылт тән Уэльваға!*
Дымқыл шақ інжуді eмізгeн
бұйығы Ла – Р*-дан аулақтап,
қара түн қoштасып тeңізбeн,
тoңазып жан-дeнe салқынға,
жағаға жармасып қарағай,
аппақ нұр тірeліп алқымға,
қалмақ бoп дәл oсы қалпында –
жарқырап қарады Ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу