Өлеңдер ✍️
Арғымағын ащы терге бөктіріп.
Арғымағын ащы терге бөктіріп.
Аламанға айбынды сөз ұқтыртып,
Аярлардың аяғына бас ұрмай,
Батыр өлер емендерше тік тұрып.
Құм Нарын мен құралай көз Жайықтың.
Қасіретін қайран баба сан ұқтың.
Исатайдай ерен ердің серігі,
Беу Махамбет, басы мұнар алып шың.
Күй қазына, жыр шежіре, саз арман,
Қабағыңнан көрдім ызбар қабарған.
Хан сұлтан мен шенді шекпен төренің,
Табанына тікен болып қадалдың.
О Махамбет ұлы бабам, арысым,
Таптатпаған тар заманда намысын.
Қарсы жүзген өр толқынға қайран ер,
Қалың елім қазағымның қамы үшін.
Сүлтандарға сүңқар сынды шүйіліп,
Кезеңінің кері бүрған ағысын.
Ақ Ордалы алтын айдар бектердің,
Басын кессем деп айқаста кектендің.
Көз алдымда кино лента тәрізді,
Өтіп жатар оқиғасы өткеннің.
Қаһарлансаң қаһан қалар қаймығып,
Шамырқансаң шаңырағы шайқалған.
Жорық күймен жігер құйып жасаққа,
Кәрлі ханға зәрлі үкімін айта алған.
Дауылпазым дабыл күйін ойнатып,
Дүшпанға сес, досқа құшақ айқарған.
Қабыланға қарсы шапқан құба арлан,
Бағзы Ғұннан бастау алған ұлы арнаң.
Еділ үшін еңку- еңку жер шалып,
Жайық үшін жан берісіп жан алған.
Ұлы баба ұлағаты ұлтымның,
Ұрпағың бар құлы болмас құлқынның.
Келімсекке кеуделерін бастырмай,
Келешегін кемел ойлар жұртымның.
Шежірем бар шемен қатып шер тұнған,
Шөбереңе шегелене шертілген.
Өткен шақтың өтеуінің белгісі..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter