Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  163


Автор: Нұрмұханбет Боранбаев

Гүлдей боп жайнап дидарың...

Гүлдей боп жайнап дидарың,
Үлбіреп өскен қарағым.
Лапылдап жанған жыр жүрек,
Әуенге әсем баладым.
Инабат толы жүзіңді,
Ізетті ізгі сақтаған,
Мөп-мөлдір әлем дүние.
Шаттығын шалсын тек саған,
Ынтызар жырға құлыншақ.
Нұр жаусын даңғыл жолыңа,
Тоспасын тағдыр талқысын.
Еңлікгүл өссе өркендеп,
Маржандай мұңды сыр тұнған.
Іңкәрмін сенің жырыңа,
Расым осы жан сырым.
Қырмызы гүлдей қарындас,
Ырыс пен бақыт бақ қонсын.
Заманның болып бұлбұлы,
Ырғақты жырды ақтар шын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу