Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  736


Автор: Нұрмұханбет Боранбаев

ЛАГЕР ЖЫРЫ

Көк туымыз тұғырында,
Зеңгір көкпен таласқан.
Тәуелсіз ел ұланымыз,
Достығымыз жарасқан.
Қ-сы.
Жас ұланбыз,жас қыранбыз,
Азаматпыз ертеңгі.
Түлетеміз,жыр етеміз,
Туған байтақ өлкемді.
Біз жастармыз,біз достармыз,
Арайлы арман аңсаған.
Лагер жырын шырқап айтып,
Болашақты қарсы алам.
Қ-сы.
Туған елдің түлегіміз,
Ту-ғып ұстар намысты.
Қиялымыз шарлап кетер,
Шалқар ғалам алысты.
Жалыны мол жас жүрекпен,
Жарқыл қағам сан істе.
Қазақ елін, дала белін,
Көкке өрлетем ғарышқа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу