Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  89


Автор: Нұрмұханбет Боранбаев

НҰРСИФАТҚА

Мен бұрын мұндай сезім сезіндім бе?
Құс көңіл көкке самғар кезің мүлде.
Сен келдің дүниеге есік ашып,
Жүрегім бөленді ғой ағын-нұрға.
Арайлы армандарым орындалып,
Тал бесік тербетілді ән арналып.
Сен менің ақ періште арман жырым,
Елжірер ет жүрегім жанар жанып.
Жатқандай жайсаң әлем жалғасып кең,
Тәлім ал тербетілген тал бесіктен.
Өмірге сен келдің де сәби шаттық,
Аталық ақ пейілді алғаш ұққам.
Ашқанда нұр әлемге есігіңді,
Нұрсифат қойдым сенің есіміңді.
Жалғасы ғұмырымның жарық күнім,
Тілеймін азамат боп өсуіңді.
Шаттығым жыр-шабыт боп шалқы жайлы,
Бұл сәтте көңіл қалай толқымайды.
Тулады тал бойымда тасқын-ағыс,
Көркем бол күн сыңайлы,гүл шырайлы.
Өрен бол,өр мінезді,өнегелі,
Елің бар Қазақ-атты керегелі.
Ақ уыз тілегімді мен арнадым,
Алғашқы иіскеп тұрып немерені.
Ұлыдан ұлағат ап даналардан,
Құлыным жолын берсін саналы ердің.
Жанымның жарқыл қаққан бақыт-нұры,
Сен маған шаттық сезім ала келдің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу