Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  205


Автор: Нұрмұханбет Боранбаев

КҮЙ

Шанақтан күй күмбірлеп төгілетін,
Боздайтын,боз інген боп егілетін.
Боз жусан күй сазына құлақ түріп,
Боз тұман күй үнімен сейілетін.
Боз жорға билеп басып тайпалатын.
Бозбала бұла сезім махаббатын,
Ынтызар іңкәр жүрек лүпілін де,
Бойжеткенге күйімен айта алатын.
Әсем күй жан-жүйеңді балқытатын,
Коңілді көк аспанда қалқытатын.
Жүрегіңнің төрінен орын алып,
Теңіздей буырқанып шалқытатын.
Күй тартса тебірентіп,атойлатып,
Он саусақ қос ішекте от ойнатып.
Жүргендей-ақ өзіңді сезінесің,
Ұлы дүбір жорықта ат ойнатып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу