Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  85


Автор: Мұқанбетияр Мақуов

«АЙНА БҰЛАҚ»

Сарқырай аққан көктемде,
Басталдың қандай бұлақтан.
Жаныңнан талай өткенде,
Лебізіңді ұнатқам.
«Айна бұлақ» дегенге,
Айдыны шалқар көл десем.
Немесе теңеп өзенге,
Өзіңе келем шөлдесем.
Өзіңе келіп сан адам,
Шақырады екен жыр шабыт.
Сонда ғой деймін санадан,
Жақсы өлеңдер тұрса ағып.
Айнадай болып көңілің,
Отырады екен жарқырап.
Төменде өзен-өмірің,
Жатқандай ағып сарқырап.
шырқаған сынды әншілер,
Әуендер көкте тұр тұнып.
Шақырған шабыт Шәмшілер,
Бұлаққа қарап бұлқынып.
Айна бұлақ қой қыз нұры,
Жалт етсе көңіл бұрғаны.
Сыңсыған бақтар сыбдыры,
Бейне Әбділда ырғағы.
Өзіңе келіп сан адам,
Шақырады екен жыр шабыт.
Дегенмен жақсы-ақ санадан,
Жақсы өлеңдер тұрса ағып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу