Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  114


Автор: Мұқанбетияр Мақуов

Жан әке басын беріп арғымақтың...

Жан әке басын беріп арғымақтың:
«Мә, балам, мынау тұлпар қарғып -ақ мін».
Дедің де, жолын тілеп шар тараптың,
Бір үйдің бар үмітін арқалаттың.
Содан бері кеудемде жанып бір ән,
Жігерімді сезімге қанықтырам.
Жанымның тұңғиығын қақыратып,
Кеудемнен жыр фонтаны жатыр атып.
Өмірге аттандым ба мен кешігіп,
Шалқытып жібермеді пендешілік.
Сұм тағдыр тәлкек етіп ширатты ма,
Бір теуіп қабырғамды қиратты да.
Сол жылы бақытым деп аталатын,
Тағдыр да қимай қойды махаббатын.
Әйтеуір қиындықпен, өкінішпен,
Өмірдің жаға бердім отын іштен.
Жүрсемде өмірдің жыр-әніменен,
Қиындық қалмай қойды әлі менен.
Осылай жазған ба екен ақынға тек,
Деп жүргенде
Бір қыз кеп қорған болды жақында тек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу