Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  114


Автор: Мұқанбетияр Мақуов

ДОСТЫ АҢСАУ

Аз болды-ау ғұмыр, әттең-ай, шіркін, биіктеп қанат қақпадың,
Қарсы алмай тұрып, қызғалдақ бөккен, әлемнің мынау ақ таңын.
Шарықтап шығар асқарға албырт жасыңда,
Бұл қалай сұлық жатқаның?!
Сан арман қалды-ау артыңда сенің, бүр жарып жаңа көктеген,
Сағыныш қалды-ау барыңда сенің ақ сезімдерге бөкпеген.
Достарың үшін ақ жаңбыр едің әттең-ай,
Нөсерлеп бір төкпеген.
Ойламап едім өмірден сені қоштаспай бұлай кетер деп,
Біздегі достық, пәк сағыныштарды қара жер қалай көтермек.?!
Кеудеңде бұла арманың асқақ еді ғой,
Жүруші едің- ау, «тауларды көктеп өтем» -деп.
Кеттің –ау, шіркін, қар басқан шыңға ұша алмай бір де биіктеп,
Қайсымыз болсын өмірді сендей шын жүрекпенен сүйіп пе ек.
Жан қимас досым, өмірдің өзі ұзынды-қысқа бәрі бір,
Тағдырға келіп иілмек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу