Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  157


Автор: Мұқанбетияр Мақуов

КАСПИЙ ЖАҒАСЫНДА

Тулаған толқын төсіңде,
Мендегі жастық армандай.
Сан келем, сенің есіңде,
Ғасырлар сыры қалғандай.
Өзіңмен ойша сырласам,
Бейне бір ескі досымдай.
Жағаңда сенің тұрма сан,
Жүректер толқып осындай.
Жыр қылып айтар өзгеге,
Толқындар шерткен күй деймін.
Бұлаққа, қайнар көзге де,
«Каспийге барып құй» -деймін.
Өзенге, көлге тасыған,
«Арнаңды бері бұр»- деймін.
Жігіттер айтса ғашық ән,
«Жағаңа келіп тұр» -тұр деймін.
Мен саған игі тілеумен,
Ақтарам сырды ағынан.
Шекіссем кейде біреумен,
Өзіңе келіп шағынам.
Әсте оған қалай төземін,
«Көл – десе –даңқы аспайтын,
Жоқ -десе –асау өзенің,
Арнасын сенен бастайтын».
Мен оған тіптен келіспен,
Кеудемде жатыр арман мың.
Бастауын сенен бастайтын,
Мен сенің асау арнаңмын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу