Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.07.2022
72
Тамшалым-аңсарым
Әсемдікті жыр етіп тұр таң шығы,
Әнші қылып жібергендей баршаны.
Қонақ бол деп қол бұлғап тұр әр шыңы.
Маңғыстаудың ғажап тауы – Тамшалы.
Ойсыздарды ойлы бол деп қамшылар,
Моншақ көзде мың-сан жұмбақ бар шығар?!
Мынау бұлақ мәңгі өмірді ұлылап,
Таудан құлап күй шертіп тұр тамшылар!
Аяулыңмен мәңгі осында қалшы, інім,
Махаббатқа алсын дала жаршы ғып.
Сөз жасынның сырына әбден қандырсын,
Көз жасының Қарашығы-Тамшылы!
Тамшылардан тәж киген аршалы сай,
Ғашық қылып өзіне баршаны ұдай
Бабам қойған атынан айналайын,
Мәңгі кетпес жадымнан, Тамшалым-ай!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter