Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.07.2022
112
Әз, Наурыз. Ақтауымды аралап жүр.
Көк шықты, Наурыз келді Ақтауыма,
Көктемді тіл жетпей тұр мақтауыма.
Жаңарған табиғаттың көрінісін,
Болады тек жүректе сақтауыңа.
Сәнденген терек-ару бояп қасты,
Жүректі алуан сезім, ой ап қашты.
Соз, Наурыз, қолыңызды баршамызға,
Әз, Наурыз, Ақтауыма аяқ басты.
Ақындар өлең оқып жар салуда,
Әншілер мың түрлентіп ән салуда.
Көргендер тамашаны тамсануда,
Ақтауым- әз Наурызды қарсы алуда.
Серуенге шақырғандай самал, ақ қыр,
Жүрегін ғашықтардың жаралап тұр.
Әр үйдің қағып есік, терезесін,
Әз, Наурыз, Ақтауымды аралап жүр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter