Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  87


Автор: Рахмет Аяпбергенұлы

Көкен күмбезі

Біз келдік қалғып кеткен мекеніне-ай,
Күнәсіз жолда жортқанбөкенім-ай.
Тараған жалғызыңнан ұрпақ келді,
Ұйқыңнан тұрмайсың ба, көкенім-ай!
Жағасын адамдықтың жыртып тұрып,
Өтірік аяқтарын ылтып күліп.
Шошытып Жұмыртаудың күллі аспанын,
Боз ала таңды оятты мылтық ұлып.
Мен жүрем сен баспаған жолдар үшін,
Әруағым, мәңгі рухы алда ырысым.
Тонаушы түрікпендер оғын кезеп,
Жазықсыз құрбан болған, жолбырысым!
Куә сен о, туған жер, асыл анам,
Тағдыр көп аты хатқа жазылмаған,
Даланың қызғалдағын жұлмақшы олар,
Бір гүлі қауызынан ашылмаған.
Көміліп қаңқор қолмен жас арманы,
Өртенген бір ғұмырдың дос-орманы.
Кеудесін жау оғына еркін тосқан,
Көкен-ер махаббаттың бас қорғаны!
Ұнамды бейнең жатыр бейітіңде-ай,
Күмбездің бір жағы осы кей ұтымды-ай.
Жұт жылымың тоғыз жүз отыз үште,
Отыз үш жасында өткен шейітім-ай!
Толы ғой қасіретке біздің джала,
Долы жел аза күйін ызыңдама.
Есімің қойымшылық аты бопты,
Бесігің мәңгі тербер қызыл дала!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу