Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  135


Автор: Рахмет Аяпбергенұлы

Құрығым

Айттырмады сені патшам, ұлығым,
Амал қанша уақыттың құлымын.
Егемендік есік ашып келген-де,
Өз қолыма түсті бүгін, Құрығым!
Талай күнді тонап жатқан ұры түн,
Өлтірмепті атам сепкен «ұрығын» .
Бай табиғат Маңғыстауға сыйлаған,
Жер-ананың бір перзенті, Құрығым!
Ат жерімнің білем тарпаң қылығын,
Мен бабамның қоламса шоқ жырымын.
Бейне зәмзәм суын ішкен тұлпардай,
Қайта туған мәңгі өлмеске, Құрығым!
Мұнаралар секілді жыр-сырығым,
О, туған жер, мен сенімен ұлымын.
Алып дала мың жылда бір туғызған,
Сұлулықтың бас бейнесі – Құрығым!
Бір ауруды аймалаумен тұр інім,
Мен шаштағы ақ қыраудан «құрыдым»
Па, шіркін-ай жастық шағым болғанда,
Бір қызыңа түсер ме екен «құрығым»
Сүйем сені біткенше дем-жылуым,
Өзім менің таңдаған төр-сұлуым.
Жер тұлпарын қиялымен ұстаған,
Қарттарымыз дана екен ғой, Құрығым!
Менің үшін қымбат әр қышың,
Сұлу қандай сықылдаған қар, қысың.
Салт-дәстүрге, тілге, дінге жол берген.
Дінімізге алтын сандық, Жармышым!
Сан сағынтқан Ата-ана, жармысың,
Әлде арайлап атқан алдан таңбысың?!
Өз алдына жайдары жаз, күзі бар,
Көз алдымда көктемі ерек, Жармышым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу