Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  195


Автор: Рахмет Аяпбергенұлы

Жас жұбайлар жайлы жыр

(Келінім-Қарылғаш пен інім-Дәуітке арнаймын)
Хабаршы жел той болады деседі,
Өз ботаңыз қолда елеусіз өседі.
Қарылғашжан балапан құс бізге әлі,
О, құдай-ай, туғаны да кеше еді.
Күлімдейді бүгін күн мен Ай көктен,
Бәрімізді ақылды еткен, ойлы еткен.
Қарылғашжан біздер үшін құрттай қыз,
Ал, көпшілік деп жатыр ғой бойжеткен.
Маңғыстауы құйған алтын зауыты,
Аққан мұнай көйлектен зор мауыты.
Арманына балап сені Қарылғаш,
Қармағына іліп кеткен Дәуітім!
Думан етіп әсем ауыл «Дәулетті»
Жастар тойы өтіп жатыр сәулетті.
Адай, Қосай, Бекет ата жар болсын,
Қарылғашжан көбейт біздің әулетті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу