Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.07.2022
146

Маңғыстау кетігінен туған өлең
Көңілім туған жер деп алаңдайды,
Арман көп орындалар балаңда әлі.
Маңғыстау- қасиетті ата-жұртым,
Келдім бір кетігіңе қаланғалы.
Перзенттен тек жақсылық күтеді елі,
Ойлаумен туған жерді жүдеді ері.
Маңғыстау – сен айбарлы атамекен,
Келдім әр кетігіңді бітегелі.
Күзетпін бір гүліңді солдырмауға,
Өкініп өткен іске санды ұрмауға.
Жырмын кең мың кетікке құйылатын,
Жүрмін мен бір кетікті қалдырмауға.
Киелі ата-жұртқа жер жетпеді,
Өмірдің көз алдында көп өткелі.
Маңғыстау – егеменді Қазақстан,
Келдім мен бар кетікті жоқ еткелі!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇