Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  140


Автор: Рахмет Аяпбергенұлы

Есенов ескерткіш боп мәңгі келді.

Жиналған қалың ұжым ортасында
Қаптаған шәкірттері бар қасында.
Мінеки, қонақ болып келді бүгін,
Шахмардан Есенов өз ордасына.
Әрдайым дала дейді ол, теңіз дейді
Кім білсін ойлы жүзбен нені іздейді.
Әлі де зерттелмеген жерлерді ойлап,
Есенов Маңғыстаудан кен іздейді.
Қазір кім Алматн алыс көрмек,
Қажет пе шетелден де таныс келмек.
Сапырып қымыз білім сабасынан,
Есенов ордасында дәріс бермек.
Сексен жыл қоңыраулатып заңды келді
Мерейтой аясында мәнді келді.
Ақтауға жоғарғы оқу орнына
Есенов ескерткіш боп мәңгі келді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу